Мен, ең алдымен, анамын, мен де талай түнді ұйқысыз өткізіп, жан-жақтан алынған қыруар ақпаратты зерделеуге тырыстым.
Жаңа тіл, құжаттар, апостиль, аударма, сапарлар мен кездесулер,...
Әр нәрсеге тыңғылықты қарап, әр ұсақ-түйекке көңіл бөлу арқылы жасаған қадамдарымыз жемісін беріп, ұлым Еуропаның танымал университетіне оқуға түсті.
Осыдан соң мен өзім сияқты басқа ата-аналардың қиындықтар мен кедергілерді еңсеруіне көмектесемін деп шештім
Өмірден алған тәжірибем арқылы біршама практикалық білімді меңгердім, оны теориямен ұштастырдым, тиісті біліктілік туралы халықаралық сертификатқа қол жеткіздім.
Жолдары жеңіл, бәрі ойдағыдай болуы үшін басқа ата-аналарға көмектесуді ұйғардым.
Осылайша Alf Education компаниясы пайда болды.
«Басқалардың қателіктерін қайталамай, уақытыңызды, жүйкеңізді және ақшаңызды үнемдейтін дайын жүйеге келесіздер».
Сіздің және балаларыңыздың жарқын болашағы үшін бірігіп әрекет етейік!
Құрметпен және ізгі ниетпен, Альфия Осипова.