ШЕТЕЛ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ТҮСУ

Ел таңдаудан бастап виза алу мен оқуға түсуге дейін толық сүйемелдейміз


ҚАТЕЛІКТЕРДЕН, ҚАБЫЛДАНБАУДАН, УАҚЫТ ЖОҒАЛТУДАН ҚОРЫҚПАҢЫЗ
Шетелге оқуға түсу – бұл сансыз талаптар, қыруар құжаттар, қатаң қысқа мерзімдер, яғни тәжірибесі жоқ адамдарды әуреге салатын рәсімдер. Қателіктер уақыт жоғалтуға әкеліп, адамды уайымға салуы мүмкін.
Пысықталған жоспары және кәсіби сүйемелдеу тәжірибесі бар Alf Education сіздің осы жолдан тосылмай, жеңіл өтуіңізге көмектесуге дайын.
КОНСУЛЬТАЦИЯҒА ЖАЗЫЛУ
БІЗ СІЗГЕ НЕ ҰСЫНА АЛАМЫЗ?
  • Стратегия
    Қабылдау және оқуға түсу ықтималдығы жоғары 3-5 нақты нұсқаны іріктеу.
  • Құжаттар
    Барлық құжаттарды таңдалған елдің талаптарына сай, қатесіз және кері қайтарылмайтындай етіп дайындау.
  • Виза
    Кейсті дұрыс дайындау арқылы виза алмай қалу қаупін азайту.
  • Бақылау
    Мерзімдер мен талаптарды толық бақылау - назарыңыздан ешнәрсе тыс қалмайды
  • Нәтиже
    Нәтижеге уақыт пен жүйкені жоғалтпай қол жеткізу.
  • Нақты жоспар
    Жай консультация емес, тиімділігі дәлелденген іс-қимылдар алгоритмін ұсынамыз.
БІЗ ҰСЫНАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР
  • 01 ТОЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

    Баланың оқуға түсуге деген ниетін қолдап, осы жолды қателіктерсіз жүріп өтуді қалайтын ата-аналар үшін.

    Біз бүкіл процесті өз мойнымызға аламыз: ел мен жоғары оқу орнын таңдаудан бастап, құжаттарды дайындап, тапсырғанға дейін қасыңыздан табыламыз.
    Сіз түрлі ақпаратты сараптап-саралауға уақыт жұмсамайсыз - біз сізге нәтижесін берген алгоритмге сүйеніп жәрдемдесеміз.

  • 02 КӨҢІЛГЕ ҚОНЫМДЫ КОНСУЛЬТАЦИЯ

    Оқуға түсу рәсімін бастап, әрі қарай не істерін білмей жүргендер үшін.

    Оқу орнының қабылдау стратегиясын тексеріп, талаптарын тез түсінуге көмектесеміз. Жыл сайын қателесе беруіңізге жол бермей, қолыңызға тыңғылықты іс-қимыл жоспарын табыстаймыз.




БАЗАЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯ
Консультация барысында сіз елді таңдау және оқуға түсуді жоспарлау үшін қажетті жалпы ақпарат аласыз.
5000
тг.
Консультацияға не кіреді:

Таңдалған елге шолу

Университеттер туралы ақпарат

Академиялық даярлыққа қойылатын талаптар

Оқуға түсуге қажетті құжаттар

Болжамды бюджет
БІЗ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ?
Әр бала үшін оқуға түсудің жеке стратегиясын құрамыз - дайындық деңгейін, мақсаттарын, таңдаған елін және жоғары оқу орындарының талаптарын ескереміз.
МӘН-ЖАЙЛАРДЫ ЖӘНЕ ОҚУҒА ТҮСУ МҮМКІНДІКТЕРІН ТАЛДАЙМЫЗ

СІЗДІ ҚАБЫЛДАЙ АЛАТЫН ЕЛДЕР МЕН УНИВЕРСИТЕТТЕРДІ ТАҢДАЙМЫЗ
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАТЕСІЗ, КЕРІ ҚАЙТАРМАЙТЫНДАЙ ЕТІП ДАЙЫНДАЙМЫЗ
ҚҰЖАТ ТАПСЫРУ БАРЫСЫН ЖӘНЕ МЕРЗІМДЕРІН БАҚЫЛАЙМЫЗ
ВИЗА АЛЫП, ЖОЛҒА ШЫҚҚАНҒА ДЕЙІН СҮЙЕМЕЛДЕЙМІЗ
Сіз - ел мен оқу орнын таңдайсыз, біз - балаңыздың қалаған университетіне түсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әрдайым шындыққа жанаса бермейтін ақпарат пен толған талаптарды қайтсем түсінемін деп бас ауыртпайсыз.

Біз іс жүзінде сыналған айқын алгоритмді ұсынамыз.


Құрылтайшы туралы

Мен, ең алдымен, анамын, мен де талай түнді ұйқысыз өткізіп, жан-жақтан алынған қыруар ақпаратты зерделеуге тырыстым.

Жаңа тіл, құжаттар, апостиль, аударма, сапарлар мен кездесулер,...

Әр нәрсеге тыңғылықты қарап, әр ұсақ-түйекке көңіл бөлу арқылы жасаған қадамдарымыз жемісін беріп, ұлым Еуропаның танымал университетіне оқуға түсті.

Осыдан соң мен өзім сияқты басқа ата-аналардың қиындықтар мен кедергілерді еңсеруіне көмектесемін деп шештім

Өмірден алған тәжірибем арқылы біршама практикалық білімді меңгердім, оны теориямен ұштастырдым, тиісті біліктілік туралы халықаралық сертификатқа қол жеткіздім.

Жолдары жеңіл, бәрі ойдағыдай болуы үшін басқа ата-аналарға көмектесуді ұйғардым.

Осылайша Alf Education компаниясы пайда болды.




«Басқалардың қателіктерін қайталамай, уақытыңызды, жүйкеңізді және ақшаңызды үнемдейтін дайын жүйеге келесіздер».


Сіздің және балаларыңыздың жарқын болашағы үшін бірігіп әрекет етейік!

Құрметпен және ізгі ниетпен, Альфия Осипова.

БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Егер балаңыз 9-10-11 сыныптарда оқып жүрген болса,
шетелге оқуға түсуге дайындықты қазірден бастаңыз.
Неғұрлым ертерек қамдансаңыз, елдер, университеттер және мүмкіндіктер кеңістігі де кеңейе түседі.
Консультацияға жазылыңыз
Тел: +7 771 014 80 33
Instagram: alf.education
© 2026 Alf Education ЖК ОСИПОВА А.Р. ЖСН: 780903401044